Бекболат Молдабеков ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті төрағасының орынбасарлығына тағайындалды.

Еңбек жолын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да жобалық кеңсенің талдаушысы ретінде бастады. Кейіннен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

2017 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаментінің Ақпараттандыру және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау жаңа моделі басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті Ақпараттандыру және нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау жаңа моделі басқармасының басшысы болып жұмыс істеп, кейін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Цифрландыру департаменті директорының орынбасары болды.

Министрліктің қайта құрылуына байланысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде осындай лауазымға ие болды.

2020 жылғы 23 желтоқсаннан осы кезге деййін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры қызметін атқарды.

дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/240764?lang=kk