1 ақпан Алматы қаласында «Digital Almaty-2024»: «Industry X: Болашақтың цифрлық эволюциясы» VI цифрлық форумы өз жұмысын бастады.

Форум биыл 1, 2, 3 ақпан күндері өтеді. Digital Almaty Govtech, 4.0 Индустриясы, ESG, Smart City және басқа салалардағы өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және инновациялық шешімдер тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады.

Форумның салтанатты ашылуында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин құттықтау сөз сөйледі.

«Digital Almaty» - бизнес өкілдері, халықаралық сарапшылар және IT-қоғамдастық кездесетін бірегей алаң. Форумда ұсынылған идеялар нақты шешімдерін табады. Оған жарқын мысал: 2023 жылы Кремний алқабында Silkroad Innovation Hub құрылуы. Бүгінде хаб жаңа стартап жобалардың тартылыс нүктесіне айналды әрі өңірімізде цифрлық шешімдерді қолдану аймағын кеңейтуде күш-жігерін біріктірді. Бұл жерде стартаперлер өз идеяларын көрсетуге және инвесторлар табуға мүмкіндік алады», - деді Бағдат Мусин.

Алтыншы форум цифрлық индустрияның жаңа дәуірін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе, идеялармен алмасу үшін ШЫҰ және ЕАЭО елдерінің мемлекет қайраткерлерін, жетекші сарапшылары мен кәсіпкерлерін біріктіреді.

VI Digital Almaty биыл өнеркәсіптегі цифрлық трансформация және GovTech, 4.0 Индустриясы, ESG, Smart City және басқа да салалардағы инновациялық шешімдер тақырыптарын ашатын ауқымды іскерлік бағдарламаны ұсынады. Панельдік пікірталастар шеңберінде халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес саласындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден астам спикер қатысады. Олар экономика мен инновацияның нақты секторында жаңа технологияларды қолдануда табысты кейстермен бөліседі. Үш күн өтетін цифрлық іс-шараға 30 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Сондай-ақ, IT-экожүйе саласындағы жобалар туралы тәжірибе және ақпаратпен бөлісетін отандық ірі жер қойнауын пайдаланушылардың, технопарктердің, технологиялық компаниялардың көрмесін өткізу жоспарланған.

Бағдарламада 40 панельдік сессия бар, онда халықаралық және отандық IT-қоғамдастықтың атынан 200-ден астам спикер сөз сөйлейді.

Форум сайты https://almatydigital.kz , Instagram @digital_almaty, хэштег #digitalalmaty2023.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі