Биыл цифрландыру саласындағы үздіктер сегіз номинация бойынша анықталады, оның ішінде ІТ-кәсіпкерлік, экспорт, IТ-мамандарды даярлау және медиа-ресурс та бар. Қазір Digital Bridge Awards 2023 сыйлығына өтінімдер қабылданып жатыр.

Жыл сайынғы дәстүрлі премия Астанада 12-13 қазанда өтетін Digital Bridge 2023 халықаралық технологиялық форумы аясында табыс етіледі.

«Digital Bridge Awards - Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік IT- компанияларга берілетін беделді марапат. Біз инновациялық нарықта жұмыс істейтін ең табысты жобаларды ынталандыруға ниеттіміз. Жеңімпаздар сегіз номинация бойынша анықталады. Мысалы, басқалардың және айналамыздағы әлемнің өмірін жақсарту үшін технологияны қолданатын және экологиялық, элеуметтік, экономикалық мәселелерді шешетін жобалар бар, сондай-ақ, қызметкерлердің кәсіби және жоғары стандарт шеңберінде жеке өсуі үшін ынталандырушы орта қалыптастыруга комектесетін жобалар бар. Номинацияның әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар және олар қоғамымыздың одан әрі дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз»,- деді Бағдат Мусин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен, венчурлық капиталды инвестициялаумен, ІТ мамандарын оқытумен және т.б. салалармен айналысатын кез келген компания беделді марапатқа қатысуға өтініш бере алады. Сондай-ақ сауалнама толтыру арқылы номинанттарды тек ұйымдар ғана емес, жеке тұлғалар да ұсына алады.

Дауыс беру екі кезенде өтеді: номинацияларды ұсыну кезеңі, содан кейін саланың үздік сарапшыларынан құрылған қазылар алқасы әрбір номинация бойынша шешім қабылдайды. Қатысуға өтінімдер digitalbridge.kz сайтында 10 қыркүйекке дейін қабылданады.

Digital Bridge Awards 2023 жеңімпаздары 8 номинация бойынша анықталады:

Startup of the Year- номинация соңғы 2 жылда жақсы нәтиже көрсеткен (пайдаланушылардың/нарық үлесі/табыстың артуы) командаға беріледі.
Export Excellence- номинация IT тауарларын/АТ қызметтерін экспорттауда жақсы жетістікке жеткен ұйымға беріледі.
Employer of Choice- номинация қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық өсуі үшін ынталандырушы жұмыс жағдайын жасайтын және персоналды дамыту саласындағы жоғары стандарттарды қолдайтын ұйымға беріледі.
VC of the Year - номинация инновациялық стартап-жобаларды анықтауда және қолдауда тамаша нәтиже көрсету арқылы елеулі әсер еткен венчурлық инвесторга беріледі.
Tech Educational Leader- номинация инновациялық, батыл креативті бастамаларды пайдалануда жақсы нәтиже көрсеткен бағдарламалау мектебіне беріледі
Tech Media of the Year- номинация медиа құралдарын тиімді пайдаланып, аудиториямен байланыстың жаңа арналарын ашып, ақпарат таратқан медиа- ресурсқа беріледі.
Tech for Good- номинация технологияны баскалардың және айналамыздағы әлемнің өмірін жақсарту және экологиялық, әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешу үшін пайдаланатын ұйымға беріледі.
Customer Champion- номинация өз клиенттерінің қажеттіліктеріне сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен бейімделетін және олармен қарым-қатынасты жақсартуға үнемі ұмтылатын ұйымға беріледі.
Digital Bridge 2023 — ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қатысуымен өтетін Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум. Биылғы форумның негізгі тақырыбы Қазіргі әлемдегі жасанды интеллект - Artificial and Human Intelligence: the right balance рөлін талқылау болмақ. Digital Bridge ұйымдастырушылары-Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркі.

Digital Bridge Awards - Қазақстан Республикасында құрылған цифрландыру саласындағы жыл сайынғы беделді марапат. Бұл марапат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) және цифрлық трансформация саласындағы тамаша жетістіктер мен инновацияларды атап өтуге арналған. Digital Bridge Awards марапаттау Қазақстанда цифрлық индустрияның дамуына елеулі ықпал ететін компанияларды, стартаптарды, ұйымдарды және жеке тұлғаларды тану және көтермелеу тәсілдерінің бірі болып табылады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mdai/press/news/details/606370?lang=kk