Kcell (KASE, AIX: KCEL), Қазақстан нарығындағы мобильді телекоммуникациялық қызметтердің жетекші провайдері және Ericsson (NASDAQ: ERIC), ақпараттық- коммуникациялық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы, Қазақстан Республикасының аумағында радиоқолжетімділіктің 5G-ready желілері саласында стратегиялық ынтымақтастықты дамытуда. Бұл Қазақстанда инновацияларды дамыту үшін 23 жылдан астам серіктестіктің жаңа кезеңі.
2021–2024 жылдарға арналған жол картасы 5G технологиялары негізінде бірлескен жобаларды сынау, тестілік сынақтар жүргізуді, өнеркәсіптік өндіріс, ауыл шаруашылығы, ТКШ саласы үшін жаңа технологияларды пайдалану сценарийлерін қалыптастыруды көздейді. 2021 жылдың желтоқсанында Түркістан қаласында 5G коммерциялық аймағының ашылуы жоспарлануда.
Келісім аясында Ericsson компаниясы Ericsson Radio System өнім топтамасының жаңа шешімдері негізінде Kcell LTE-желілерін жаңғыртуды жалғастырады. Жобаны Нұр- Сұлтан және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Қазақстанның батыс және оңтүстік
облыстарында іске асыру арқылы желілердің өнімділігі мен сыйымдылығы едәуір артады. LTE желілеріне арналған барлық Ericsson жабдықтары 5G-ге жылдам және ауқымды ауысу мүмкіндігін қолдайды.
«Ағымдағы уағдаластықтар – LTE желілерін толық жаңғырту және Қазақстанда цифрлық инфрақұрылым салу жолындағы маңызды кезең. Ericsson заманауи жабдығын жеткізу Kcell абоненттерінің деректерді беру жылдамдығы мен трафикті тұтынудағы үдемелі қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, желінің ағымдағы шешімдерін Ericsson жабдығына ауыстыру Kcell-дің байланыс сапасын жақсарту бойынша басымдықтарына жатады. Атап айтқанда, осы жобаны іске асыру Kcell-ге желінің өнімділігі мен сыйымдылығы бойынша жаңа деңгейге жетуге мүмкіндік береді, бұл, сөзсіз, абоненттеріміздің клиенттік тәжірибесіне оң әсер береді. Бұдан басқа, Ericsson-мен стратегиялық серіктестік болашақта қалыпты инвестициялармен қысқа мерзімде қолданыстағы LTE желісінде 5G стандартындағы қамтуды жедел өрістетуге мүмкіндік береді», – деп айтты Kcell компаниясының СЕО Юрий Харламов.
«Бірлескен инновациялық жобалардың, сондай-ақ жаңа өнімдер мен шешімдерді тұрақты түрде енгізудің арқасында Kcell және Ericsson телекоммуникация саласында көш бастап келеді. Біз Қазақстан Республикасында 5G технологияларын сәтті іске қосуды мақсат еткен стратегиялық әріптестік аясында Kcell-мен белсенді ынтымақтастықты жалғастырудамыз. Таяудағы бірнеше жыл ішінде Kcell-дің LTE- желілерін жаңғыртуға көп көңіл бөлінетін болады, бұл Kcell абоненттеріне алғашқылардың бірі болып 5G технологиялары негізіндегі қызметтерді пайдалана бастау мүмкіндігін қамтамасыз етеді», – деп айтты Шығыс Еуропа және Орталық Азия аймағындағы Ericsson Президенті Себастиан Толстой (Sebastian Tolstoy).
Ericsson-ның 5G желілерін іске асыруға арналған техникалық шешімдердің, сондай-ақ оларды енгізу мен интеграциялауды сараптаудың толық кешені бар. Ericsson Mobility Report зерттеуіне сәйкес, бесінші буын технологиясының таралуы болжамнан асып түсуде. Бүгінгі таңда әлемде 180-нен астам 5G желі бар, олардың 97-і Ericsson жабдықтарында жұмыс істейді. Пандемия және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайларында 5g технологиялары бизнес пен қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ экономиканы қалпына келтіру үшін негіз болады.
қосымша:
Кселл компаниясы туралы
Kcell – цифрлық телекоммуникациялық қызметтер: ұялы байланыс және тіркелген байланыстың конвергенттік қызметтері (FMC), деректерді беру және интернетке қатынау, қаржы сервистері, цифрлық сервистер мен мобильді қолданбалар, жүйелік интеграция, заттар интернеті, машинааралық өзара әрекет (machine to machine), үлкен деректерді жинау мен өңдеу және бұлтты есептеулер саласында АТ-шешімдер ұсыну жөніндегі ұлттық қазақстандық оператор. «Смартфон + тариф» сервисін ұсыну бойынша Қазақстандағы көшбасшы оператор.
Kcell мобильді қаржы қызметтері, мобильді телевидение, онлайн фильмдер, музыка, кітаптар мен журналдар сияқты қосымша қызметтердің, сондай-ақ корпоративтік клиенттер үшін бірегей бизнес-шешімдерді әзірлеу арқасында бәсекелестік
артықшылығы бар Қазақстанның ірі цифрлық экожүйесіне айналды. Компания вертикалды, инфрақұрылымдық шешімдер стратегиясын іске асыру, инновациялық технологияларды дамыту мен енгізу есебінен В2В нарығында көшбасшылық позицияны иеленеді. 4G/LTE желісін қамту саласы Қазақстан Республикасы халқының 67,5%-ін қамтиды және қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Компания клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасының арқасында өздерін жоғары бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық нарықтарда жақсы көрсете білген Kcell және activ брендтерімен ұсынылған. Айқын мультибрендтік архитектурасының арқасында Kcell пакеттік қызметтерге қатысты оңтайлы баға белгілеу, клиенттік базаның табыстылығы мен желінің сапасын басқару есебінен B2B сегментінде бизнестің тиімділігін арттырады.
ERICSSON компаниясы туралы
Ericsson операторларға байланыс технологиясының барлық мүмкіндіктерін пайдалануға көмектеседі. Компания байланыс желілері үшін шешімдер мен технологияларды, цифрлық қызметтерді, кеңейтілген техникалық қолдау және желілерге қызмет көрсету қызметтерін ұсынады, сондай-ақ бизнестің жаңа бағыттарын дамытуды қолдайды. Біз клиенттерге цифрлық қызметтер жасауға, бизнестің тиімділігін арттыруға және жаңа табыс көздерін табуға көмектесеміз. Ericsson дауыстық байланыс пен мобильді кеңжолақты сервистерге салған инвестициялары әлемнің әр түрлі елдерінің миллиардтаған адамдарына пайда әкеледі. Компанияның акциялары Стокгольмдағы NASDAQ биржасында және Нью-Йорктегі NASDAQ биржасында белгіленеді. Толық ақпарат www.ericsson.com сайтында қолжетімді.