​2023 жылғы 14 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және
құрылыс Министрлігінің № 6 бұйрығымен қатты пайдалы қазбаларды
барлауға лицензиялар беруге өтініштерді беру және қарау қағидаларына
(бұдан әрі – бұйрық) өзгерістер енгізілді.

Бұл өзгерістер 2023 жылғы 2 қазанда күшіне енеді.
Осылайша, 2023 жылғы 2 қазаннан бастап қатты пайдалы қазбаларды
барлауға лицензиялар алуға өтініштер мен құжаттарды қабылдау
«Мinerals.gov.kz» жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасы
арқылы тек қана электрондық форматта жүзеге асырылатын болады.

Бұйрықпен Қазақстан Республикасы «adilet.zan.kz» нормативтік құқықтық
актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің
баспасөз қызметі