Интернеттің қазақстандық сегментін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінің болуына мониторинг жүргізу барысында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-ның KZ-CERT Компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметі Telegram-арналарының бірінде Telegram мессенджерін пайдаланушылардың дербес деректері туралы 744 мың жазбадан тұратын
файлды анықтады. Талдау нәтижесінде файлда пайдаланушының ID, аты, тегі, телефон нөмірі және «өзі туралы» деген бағандағы пайдаланушыны сипаттау сияқты жеке мәліметтер бар екендігі анықталды. Бұл ретте, қазақстандық телефон
нөмірлеріне 30 мыңнан астам аккаунт тіркелген. Telegram-арнаның авторы табылған файлды «Құдайдың көзі» платформасының клиенттер базасы ретінде сипаттайды, ол сұрау салу бойынша әлеуметтік желілерден, мессенджерлерден, іздеу жүйелерінен және басқа да дереккөздерден алынған ақпарат негізінде жиналған пайдаланушылардың дербес деректерін алуға мүмкіндік беретін ТМД-дағы ең ірі сервис (1 млн. астам пайдаланушы) болып табылады. Дербес деректердің бұндай таралуы зиянкестердің әлеуметтік инженерияда ақпаратты пайдалануында, атап айтқанда, дербес және банктік деректерді алу мақсатында қоңырауларды жүзеге асыру және хабарламалар жөнелту кезінде үлкен тәуекелге алып келеді.
Осыған байланысты Интернеттің қазақстандық сегментінің барлық пайдаланушыларына кибергигиенаны сақтаудың маңыздылығы туралы ескертеміз, сондай-ақ Интернетте жеке дербес деректерін енгізу кезінде қырағылық танытуды және үшінші тұлғаларға жеке ақпарат бермеуді сұраймыз.
 
АО «Государственная техническая служба»
Тел: +7-717-255-99-99
E-mail: info@ cert.gov.kz. 
incident@ cert.gov.kz.