Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты buildingSMART халықаралық сертификаттау бағдарламасының уәкілетті оқу орталығы ретінде аккредиттеуден сәтті өтті.

Осыған байланысты институт құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеу (BIM) саласындағы стандарттар мен технологияларды әзірлеп, қолдауға маманданған buildingSMART халықаралық ұйымының buildingSmart Professional Certification-Foundation: Basic бағдарламасы бойынша мамандарды оқытып, сертификаттауға өтінімдерді қабылдау ашылғанын хабарлайды.

Бағдарлама кейіннен емтихан тапсыру және бүкіл әлемде мойындалған құжаттарды алу мүмкіндігі қарастырылатын құрылыста ақпараттық модельдеу технологиялары саласында біліктілік арттырғысы келетін инженер-жобалаушыларға және басқа да құрылыс саласының мамандарына арналған. BuildingSmart Professional Certification - Foundation: Basic – ғимараттар мен құрылыс объектілерін ақпараттық модельдеудің іргелі қағидаттарын, озық әлемдік тәжірибелер мен Қазақстанның құрылыс саласында ҚОАМТ (BIM) енгізіп, қолдану туралы білім беретін базалық оқыту бағдарламасын қамтиды. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының жанындағы buildingSMART аккредиттелген оқу орталығының базасында онлайн және офлайн оқу мүмкіндігі қарастырылған.

Оқу аяқталғаннан кейін 100-ден астам елде танылып, мойындалған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.

«Тиісті заң рәсімдерінен өткен кезде 2024 жылдан бастап мемлекеттік инвестициялардың қатысуымен азаматтық мақсаттағы технологиялық күрделі объектілерді жобалау Қазақстанда міндетті болады деп күтілуде. Бұл таяу арада ҚОАМТ құралдарына ие білікті мамандарға деген сұраныс артады дегенді білдіреді. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ - Қазақстандағы жалғыз аккредиттелген buildingSmart оқу орталығы және сертификаттаудан өткен біздің курс түлектері buildingSmart International орталық ашық тізіміне енгізіледі. Бұл оларға отандық қана емес, халықаралық нарықта да табысты еңбек етуге жол ашады», деді «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығының құрылыстағы менеджмент бөлімінің басшысы, Қазақстандағы buildingSMART Professional Сertification бағдарламасының супервайзері Зарина Қабжан.

Бұл ретте buildingSMART халықаралық кәсіби сертификаттау бағдарламасы елімізде 2021 жылдан бастап «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның базасында жолға қойылғанын айта кетейік.

Сертификаттау бағдарламасы мен процесі туралы қосымша ақпаратты +77018167481 телефонына қоңырау шалу немесе Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., сондай-ақ Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. электронды пошталарына хабарлама жіберу арқылы алуға болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/miid/press/news/details/523090?lang=kk