«Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін инновациялар, цифрлық үкімет және мемлекеттік қызметтер көрсету» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырады.  

2021 жылғы 3-5 тамыз аралығында Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бастамасымен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Зерде» Холдингі» АҚ-мен бірлесіп «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін инновациялар, цифрлық үкімет және мемлекеттік қызметтер көрсету» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырады.

Семинарда COVID-19 пандемиясы жағдайында БҰҰ-ның 2022 жылғы электрондық үкіметті дамыту, Орталық Азия өңірінде (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) электрондық үкіметті трансформациялау, сапалы электрондық қызметтер көрсетудің маңыздылығы және осы саладағы жаһандық және өңірлік ынтымақтастықтың қажеттілігі бойынша жаңа трендтері мен зерттеу үрдістері талқыланады. Сонымен қатар вебинар барысында қатысушылар 2030 жылға дейін күн тәртібі мен нысаналы тқрақты дамуға қатысты ұлттық стратегиялар мен жоспарларды қолдау үшін инновациялар мен цифрлық үкімет саласындағы жаңа тұжырымдамалар, құралдар мен тәсілдерді қарастырады.

Іс-шараның мақсаты электрондық үкіметтің 2020 жылғы шолуының нәтижелері негізінде қатысушы елдердің цифрлық трансформациясының мүмкіндіктерін бағалау, электрондық үкіметті дамыту бойынша жаһандық және өңірлік әріптестікті, ынтымақтастықты және үйлестіруді нығайту.

Іс-шараға қатысушылар: ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Лю Жэньмин мырза, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің цифрлық үкімет жөніндегі басшысы, Винченцо Акуаро мырза және Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Түрікменстан) цифрландыру жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілдері.

Семинарды және іс-шара бағдарламасын келесі сілтемеге өтіп https://www.facebook.com/holdingzerde/ қарауға болады.

Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы хабарласуға болады: +77011113038, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Аяжан Мұқанова, +77026398413 халықаралық ынтымақтастық департаментінің маманы Зура Қамзинова. 

Дереккөз: https://zerde.gov.kz/kz/press/news/ortalyq-aziyadaghy-turaqty-damu-ueshіn-innovatsiyalar-tsifrlyq-uekіmet-gaene-memlekettіk-qyzmetter-koersetu-taqyrybynda-onlayn-seminar-uyymdastyrady-/