12-13 қазан күндері Астанада өтетін Digital Bridge 2023 халықаралық форумы аясында инноваторлар мен перспективалы кәсіпкерлердің Startup Alley – стартаптар аллеясында IT-жобаларын таныстыру мүмкіндігі бар. Өтінімдер 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Startup Alley дамудың әртүрлі кезеңдеріндегі стартаптарды бір кеңістікке біріктіреді, онда олар өз инновацияларын көпшілікке паш етіп, сала мамандарымен кездесіп, әрі қарай даму үшін қолдау таба алады. Шараны ұйымдастырушылар edutech, health tech, fintech, IoT, AR/VR, big data, e-commerce, AI, agritech, cybersecurity және gamedev сияқты салалардағы жобаларды перспективалы көрмеге қатысуға өтінім беруге шақырады.

Digital Bridge 2023 – Орталық Азиядағы цифрлық инновациялар әлемінің басты оқиғасы, ал Startup Alley IT-кәсіпкерлер, инвесторлар және сала сарапшылары өзара әрекет етіп, идея алмасатын қолайлы ортасын құруда маңызды рөл атқарады.

Digital Bridge 2023 аясындағы Startup Alley-ға қатысудың басты артықшылықтары:

Жобалар мен идеяларды саладағы ең үлкен аудитория алдында таныстыруға мүмкіндік беретін бірегей алаң.
Инвесторлармен кездесу, серіктестік орнату және одан әрі даму үшін инвестиция тарту мүмкіндігі.
Сарапшылар, венчурлық инвесторлар және БАҚ өкілдерімен ашық диалог.
Цифрлық технологиялар саласында білім және тәжірибе алмасу.
Толық ақпарат Digital Bridge 2023 сайтында бар. Startup Alley-ға қатысуға өтінімді сілтеме бойынша жіберуге болады.

Естеріңізге сала кетсек, Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы Астанада 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі.

Digital Bridge 2023 форумына дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар, өңірдің түкпір-түкпірінен венчурлық инвесторлар қатысады. Digital Bridge-2023 алаңында 20 000+ қатысушы, 300+ IT компания, 100+ инвестор мен бизнес-періштелер, 250+ спикер және әлемнің 15+ елінен 100+ стартап бас қосады.

https://astanahub.com/ru/article/digital-bridge-2023-luchshie-startapy-budut-predstavleny-na-startup-alley