Қостанайға сапары барысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин халыққа қызмет көрсету орталығының №1 1 бөлімінде болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қостанай облысы бойынша басқарма басшысы Миржан Жаңабаев атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ол Қостанай қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталығының №2 бөлімінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Арқалық қаласында жаңа халыққа қызмет көрсету орталығы ашылғанын айтты. Миржан Жаңабаевтың айтуынша, қазір АХАТ бөлімін тиісті ғимаратқа көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Өз кезегінде Бағдат Мусин өңірде қосымша халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашудың маңыздылығын атап өтті.

Министр 2024 жылы Қостанай қаласы мен облыс орталықтарындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеп тұрған филиалдарын жаңғыртуды тапсырды.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі