Казахстан вступил в Объединенный комитет по выработке правил в области  беспилотной авиации JARUS - ИА Кокшетау Азия

Бүгін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде JARUS пилотсыз авиация саласындағы ережелерді әзірлеу жөніндегі бірлескен комитетінің өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Азаматтық авиация комитетінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің басшылығы, сондай-ақ пилотсыз авиацияның түрлі ұйымдарының өкілдері қатысты.  

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Ластаев Талғат Қазақстан үшін пилотсыз авиацияны дамытудың және JARUS-пен өзара іс-қимылдың маңызды рөлін атап өтті.  

Кездесу барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің JARUS пилотсыз авиация саласындағы ережелерді әзірлеу жөніндегі бірлескен комитеттің мүшелігіне кіруі туралы хатқа қол қою рәсімі өтті.  

JARUS тарапынан құжатқа пилотсыз авиация саласындағы талаптарды әзірлеу жөніндегі біріккен авиациялық билік комитетінің бас хатшысы Liu Hao, Қазақстан тарапынан "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ бас директоры Каталин Раду қол қойды. 

"Қазақстанда және Орталық Азия аумағында алғаш рет ұшқышсыз авиациялық жүйелерді реттеу жөніндегі халықаралық ұйымға кіру туралы хатқа қол қойылды, сондай - ақ Қазақстан ҰҰА пайдалану қағидаларын енгізу жөніндегі бірінші ел болып табылады", - деп атап өтті Каталин Раду өз сөзінде. 

Кездесу шеңберінде сондай-ақ Қазақстан Республикасында пилотсыз авиацияны реттеу саласы үшін семинар өтуде, оның негізгі мақсаты пилотсыз авиациялық жүйелерді реттеу мен дамытуды үйлестіруге байланысты түрлі тақырыптарды талқылау болып табылады. 

Семинар барысында пилотсыз авиация индустриясының ағымдағы жағдайы, қазіргі проблемалар мен мүмкіндіктер, сондай-ақ Қазақстанның пилотсыз авиациялық жүйелер саласындағы қолданыстағы заңнамасы, пилотсыз авиация саласындағы заңнамаға түзетулерге шолу талқыланады. 

Қазақстан JARUS-қа қосылған 66-шы ел болды. 

  

JARUS - ұшқышсыз авиациялық жүйелер үшін стандарттар мен ережелерді әзірлеу және келісу үшін реттеушілерді, салалық сарапшыларды және басқа да мүдделі тараптарды біріктіретін коммерциялық емес халықаралық ұйым.