Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК  Багдат Мусин проведёт встречу с населением Западно-Казахстанской области:  Западно-Казахстанская область, 08 Июля 2023 года - новости на сайте gurk.kz

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 12 шілдеде сағат 11:00-де Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясында Батыс Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесу өткізеді, сондай-ақ 12 шілдеде сағат 15:30-да Батыс Қазақстан облысының әкімдігінде (мекен жайы: Н.Назарбаев даңғылы, 179) министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды.

Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар: 8 (7112) 24 05 96 (жұмыс уақыты) телефоны арқылы қабылданады.

 

Тұрғындармен кездесудің онлайн-көрсетілімі ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілетін болады.

Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне сауал жолдауға шақырамыз.