Цифрлық даму министрлігінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Энергетика министрлігінің, «Электр энергиясы және қуат нарығының қазақстандық операторы» АҚ, Қазақстандағы блокчейн және индустрия дата-орталықтары қауымдастығының, цифрлық майнерлер, цифрлық майнингтік пулдар, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында лицензияланған цифрлық активтер биржаларының өкілдерінің қатысуымен цифрлық активтер индустриясы және цифрлық майнинг мәселелері бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен 2024 жылға арналған жоспарларды талқылады.

2023 жылы министрлік нарықпен бірлесіп индустрия қызметін реттеу бойынша кешенді жұмыс жүргізді. Күрделі криптоэкожүйені дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Мәселен, өткен жылдың басында «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Заң және ілеспе заңға тәуелді актілер қабылданды, оның барысында 11 заңға тәуелді актілер бекітілді, мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды және цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне 364 мыңнан астам жабдық енгізілді, цифрлық майнинг жөніндегі қызметке 47 лицензия берілді, 5 цифрлық майнингтік пулдар аккредиттелді.

2023 жылдың желтоқсанында Екінші деңгейдегі банктермен (ЕДБ) өзара іс-қимылда АХҚО криптобиржасының жұмыс істеу тетігі бойынша пилоттық жоба сәтті аяқталды. Бұл жоба Қазақстан Республикасында өңірлік крипто-хабты дамытуға бағытталған. Пилоттық жоба қамтамасыз етілмеген цифрлық активтермен сауда жасау үшін тиісті нормативтік базаны қамтамасыз етуге бағытталған. Цифрлық активтермен қызметке лицензиясы бар биржалар мен АХҚО қатысушыларының осы тәсілдің негіздерін бекіткен екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл жасау тәртібі мен тетігі бекітілді. Жобаға 52 мыңнан астам клиентке қызмет көрсеткен және 63 мың транзакция жасаған 6 криптобиржа мен 8 ЕДБ белсенді қатысты, бұл жалпы айналымы 239 млн.долларды құрады.

Сондай-ақ, 2023 жылы тұтынылған электр энергиясының 1 кВт/сағ үшін 26 теңге мөлшерінде цифрлық майнинг үшін төлемге, цифрлық активтерді өткізу бойынша қосылған құн салығына және КТС бөлігінде АХҚО криптобиржаларын қолдау бойынша артық нормаға қатысты мәселе өткір тұрды. Осылайша, салық кодексіне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, бұл цифрлық активтер индустриясының дамуына жағымды әсер етті.

Мемлекеттік кірістер комитетінің деректеріне сәйкес 2023 жылы бюджетке цифрлық активтер индустриясынан 8,6 млрд. теңгеден астам қаражат түсті.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдері бизнес-қоғамдастықты қызықтыратын мәселелерге түсініктеме берді.

Кездесуге қатысушылар атқарылған жұмыстарды жоғары бағалады. Жалпы кездесу cәтті өтті. Сонымен қатар қатысушыларға цифрлық майнер өнеркәсібінің қазіргі экономикасы туралы ақпарат берілді.

Цифрлық активтер индустриясының даму серпінін ескерсек, цифрлық активтер ел экономикасының өсуінің драйвері бола алады.

ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметі