Қазақстанның алты өңірлік хабында BeginIT республикалық бағдарламасының алғашқы іріктеу турлары сәтті өтті. ҚР ЦДИАӨМ және Astana Hub қолдау көрсетіп отырған бастама дарынды балаларды анықтауға, оларға жаңа технологиялар дағдыларын үйретуге және әлеуметтік кәсіпкерлікке деген қызығушылықты оятуға бағытталған.

BeginIT көшбасшылық бағдарламасына әр түрлі аймақтардан 810 өтінім келіп түсті, олардың ішінен офлайн форматқа қатысу үшін 443 қатысушы таңдалды.

2023 жылы іріктеу турлары Қазақстанның 6 өңірінде, яғни Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында өтті.

BeginIT бағдарламасы төрт кезеңнен тұрады және 2024 жылдың маусым айында фестивальмен аяқталады. Бұл бағдарлама аясында дайындалған жиырма финалист inVision U by inDrive инновациялық университетіне түсу үшін талапкер ретінде ұсынылатын болады. Қатысушыларға оқу шығындарын толық жабуға кепілдік беріледі.

BeginIT бағдарламасы оқушыларға көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша тегін оқудан өтуге бірегей мүмкіндік береді. Олар тек теориялық біліммен ғана емес, сонымен қатар зерттеулер мен әлеуметтік жобаларды әзірлеудің тәжірибелік дағдыларымен де қамтамасыз етіледі.

ЦДИАӨМ баспасөз қызметі